Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әлем чемпионаты: Қоңқабаевтың ежелгі қарсыласы Жалолов қарсыласын ойсырата жеңді

Опубликовано:

Баходир Жалолов шаршы алаңда
Баходир Жалолов. Фото: olympic.uz

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасының жұлдызы Баходир Жалолов қарсыласын нокдаунмен ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жалолов алғашқы айналымда Бахрейн атынан сынға түскен ресейлік Данис Латыповпен жұдырықтасты.

Бұл кездесу өзбекстандық Олимпиада чемпионына еш қиындық тудырған жоқ. Үш раунд бойы Баходир қарсыласына еш айла қалдырған жоқ.

Ал жекпе-жек аяқталар тұста төреші Латыповтың есеңгіреп қалғанын байқап, нокдаун тіркелді.

Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаевтың басты қарсыластарының бірі келесі кезеңге қиындықсыз өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019461-bokstan-alem-cempionaty-qonqabaevtyn-ezelgi-qarsylasy-zalolov-qarsylasyn-oisyrata-zendi/

pixel