Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: бүгін екі қазақ баласы өзбек боксшысымен жұдырықтасады

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында. Амман, 10 қараша 2022 жыл
Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін, 8 мамырда бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында шаршы алаңға үш отандық былғары қолғап шебері көтеріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астана уақытымен 15.00-де басталатын күндізгі сессияның алғашқы жекпе-жегінде 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Махмұд Сабырхан пен Венгрия өкілі Иштван Сакоймен жұдырықтаспақ.

Ал кешкі сессияда 48 келіде сынға түсетін Санжар Тәшкенбай байрақты бәсекедегі алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы - Өзбекстан боксшысы Шодиержон Меликузиев. Сонымен қатар Сағындык Тоғамбайда (86 келі) тағы бір өзбекстандық Шохжахон Абдуллаевпен айқасқа шықпақ.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Әлем чемпионатының жарыс жолынан төрт қазақстандық боксшы шығып қалды. Олардың қатарында Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай, Санатәлі Төлтаев, Сәкен Бибосынов бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019752-alem-cempionaty-bugin-eki-qazaq-balasy-ozbek-bokssysymen-zudyryqtasady/

pixel