Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: қазақ баласы өзбек боксшысын нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті

Опубликовано:

бокс
Фото: Бокс федерациясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Өзбекстан өкілі, жастар арасындағы Азия біріншілігінің жүлдегері, "кіші әлем чемпионатының" жеңімпазы Шодиержон Меликузиевпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте отандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Есеп 4:1.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай - Азия біріншілігінің және жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019802-alem-cempionaty-qazaq-balasy-ozbek-bokssysyn-nokdaunga-ziberip-zeniske-zetti/

pixel