Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Ширек финалға шыққан боксшылардың саны бойынша Қазақстан нешінші орында

Опубликовано:

бокс
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін, 10 мамырда бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалына шығатын спортшылар анықталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекенің ширек финалында жеті отандық боксшы өнер көрсетпек. Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев бар.

1/4 финалға шыққан боксшылардың саны бойынша көшті Куба бастап тұр (13 боксшы). Екінші орында Өзбекстан құрамасы (11 боксшы). Үздік үштікті Ресей қорытындылады (8 боксшы). Ал Қазақстан құрамасы төртінші сатыға жайғасқан.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның алтауы жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Сәкен Бибосынов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019898-alem-cempionaty-sirek-finalga-syqqan-bokssylardyn-sany-boiynsa-qazaqstan-nesinsi-orynda/

pixel