Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Теміржанов кубалық боксшыдан ұтылып, әлем чемпионатын аяқтады

Опубликовано:

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Серік Теміржанов үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Серік Теміржанов 1/4 финалда Куба өкілі Сайдел Ортамен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте отандық былғары қолғап шебері төрешілердің шешімімен ұтылып қалды.

Осылайша, Серік Теміржанов әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алған жоқ.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның жетеуі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Серік Теміржановтан бөлек Сәкен Бибосынов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019962-serik-temirzanov-kubalyq-bokssydan-utylyp-alem-cempionatyn-ayaqtady/

pixel