Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркексің": татамидегі командаласына жанұшыра айғайлаған Елдос Сметовке жанкүйерлер риза болды (видео)

Опубликовано:

Елдос Сметов трибунада айғайлауда
Елдос Сметов. Скриншот: instagram/wrestling_team.kazakhstan

Дзюдодан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында Елдос Сметовтің командаласына жанкүйер болып тұрған видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елдос көрермен отыратын трибунадан татамиде күресіп жатқан командаласына ақыл-кеңестер берген.

"Аяқты қос, аяқты. Қимылда. Бәрі жақсы, бәрі жақсы", - деп айғайлады ол.

Кейін командаласы әдіс жасағанда ол ерекше қуанып: "Еркексің", - деп айғайлай жөнелді.

Бір қызығы, татамиде кімнің күрескені белгісіз. Жанкүйерлер қатарынан Елдостың туған ағасын да байқауға болады.

Айта кетелік, Дохадағы әлем чемпионаты 7 мамыр күні басталды.

Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейін әлемдік сында бақ сынады. Бірақ екінші айналымда өзбекстандық Ділшодбек Баратовтан ұтылып, жарысты жүлдесіз аяқтады.

Еске сала кетейік, Елдос Сметов дзюдодан Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2020073-erkeksin-tatamidegi-komandalasyna-zanusyra-aigailagan-eldos-smetovke-zankuierler-riza-boldy-video/

pixel