Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жастағы Қазақстан құрамасының футболшысы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады (видео)

Опубликовано:

Қазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы дайындық кезінде. Максим Самородов ортада. Фото: ҚФФ

"Ақтөбе" футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы футболшы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Кадрдан Максим Самородовтың сүйіктісінің көзін жауып, ғимарат ішіне кіргізгенін, онда бойжеткенді тосын сый күтіп тұрғанын аңғару қиын емес.

Футболшының үйлену туралы ұсынысын Настя есімді ару қабыл алып, "иә" деп жауап берген.

Бұны жерген жанкүйерлер мен оқырмандар жастарға бақыт тілеп, "өте әдемі жұп" деген бағасын берді.

"Бақыт тілейміз", "Максим нағыз азаматсың", "Жарасымды жұп", "Екеуі де көрікті", "Настяның "иә" деп жауап бергеніне қуанып отырмын", "Тамаша", "Қуаныштымыз", "Жарайсыңдар. Сендер үшін қуаныштымыз", - деді олар.

Айта кетейік, Максим Самородов - "Ақтөбе" футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы. Ол Словения мен Данияға қарсы ойында үздік матч өткізіп, шетелдік командалардың назарына ілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2020181-20-zastagy-qazaqstan-quramasynyn-futbolsysy-suiiktisine-uilenu-turaly-usynys-zasady-video/

pixel