Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлдені салған Санжар Тәшкенбай қолдау көрсеткен халыққа алғыс айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ассалаумағалейкүм, Алланың қалауымен бүгін жеңіске жеттік. Барлық қазақ халқына қолдағандарыңызға рахмет! Алла қаласа бұдан да үлкен шыңға жетеміз. Ин шаа Алла! Өзімнің ағайыма, командама үлкен рахмет айтамын. Бауырларыма, әке-шешеме", - деді Санжар Тәшкенбай.

Еске сала кетсек, 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандық спортшы финалда Грузия өкілі Сахил Алахвердовимен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020413-alem-cempiony-atangan-sanzar-taskenbai-qoldau-bildirgen-qazaqstandyqtarga-algys-aitty/

pixel