Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай: Финалдық жекпе-жек қиындау болды

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Видеодан кадр: Youtube/ Qazaq ring

Ташкентте өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында алтыннан медаль таққан Санжар Тәшкенбай өзінің жеңіс жолы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

19 жастағы қазақ боксшысы "Qazaq Ring" бағдарламасына сұхбат берген.

"Аллаға шүкір, діттеген мақсатымызға жеттік. Әрине, бұған үлкен тер төктік, үлкен ағайлармен, өзіміздің командамен қанша дайындалдық. Әр спортшының мақсаты, арманы – осы әлем чемпионы болу ғой", - дейді Санжар Тәшкенбай.

Санжар Ташкентте төрт жекпе-жек өткізген.

"Төртеуі де негізі қиын болды. Финалдық жекпе-жек сәл қиындау болды. Қарсылас кішкене ыңғайсыз болды. Бірақ Аллаға шүкір, ағайлардың айтқан тактикасымен алаңда бәрін қолданып, жеңіске жеттік", - дейді ол.

Сондай-ақ боксшы бапкері Нұрлан Жасановпен 2017 жылдан бастап жаттыққанын айтады.

"Ағайға (бапкері - ред.) бірінші өзім бардым. Аллаға шүкір, алға көп мақсат қойдық. Қанша тактика құрдық, қанша мақсат құрдық, бірге келдік қой. Жеңіске жеттік бүгін. Міне, қуанышымызда шек жоқ. Айтып жеткізе алмаймын. Әлі ағаймен сөйлескен жоқпын", - дейді жас боксшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020468-alem-cempiony-atangan-sanzar-taskenbai-finaldyq-zekpe-zek-qiyndau-boldy/

pixel