Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турниріне қатысады

Опубликовано:

теннис
Елена Рыбакина кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

22 мамыр күні Парижде биылғы екінші "Үлкен дулыға" жарысы – Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайыстары басталады. Іріктеу кезеңінде Қазақстаннан Тимофей Скатов бақ сынайды, деп жазады Қазақстанның теннис федерациясы.

Негізгі турнирге Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик бірден жолдама алды.

Жұптық сында Андрей Голубев, Анна Данилина, Александр Недовесов, сондай-ақ Бублик, Путинцева және Рыбакина өнер көрсетуі тиіс.

Ролан Гаррос турнирінің жалпы жүлде қоры 49,6 млн еуроға бағаланып отыр, бұл өткен жылғыдан 12,3 пайызға көп. Алғашқы айналымда жеңіліп қалғандардың өзі 69 мың еуро алады. Ал жеңімпаздар 2,3 млн еуродан табады.

Негізгі жарыс 28 мамырда басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020813-rybakina-bastagan-qazaqstandyq-tennissiler-rolan-garros-turnirine-qatysady/

pixel