Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанға алтын сыйлаған қазақ баласына бизнесмен көршісі көлік тарту етті (видео)

Опубликовано:

Руслан Абдуллаев бапкері Ерғали Ярашевпен
Руслан Абдуллаев бапкері Ерғали Ярашевпен. Скриншот: t.me/qalampirsport/7324

Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңіске жеткен Өзбекстан қазағы Руслан Абдуллаевқа жерлестері көлік мінгізді. Бұл туралы Qalamir.uz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетелік, Руслан Абдуллаев 63,5 келіде финалға шығып, ақтық сында моңғолиялық боксшыны ұтқан болатын.

Бұл жеңістен соң Русланды ауылдастары зор қошеметпен қарсы алды. Көпшілік чемпионды төбеге көтеріп, оған кәсіпкер көршісі Malibu маркалы автокөлік тарту еткен.

Руслан Абдуллаев 2002 жылы Өзбекстанның қазақтар тұратын Қыбырай ауданы, Қыпшақ ауыныда дүниеге келген.

Он жасынан бері бокспен шұғылданатын ол 2021 жылы Өзбекстан чемпионы атанып, 2022 жылы Азия біріншілігінде топ жарды.

Араға бір жыл салып ол өзі қатысқан алғашқы әлем біріншілігінің алтынын алып отыр.

Еске сала кетейік, Өзбекстандағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2020839-ozbekstanga-altyn-syilagan-qazaq-balasyna-biznesmen-korsisi-kolik-tartu-etti-video/

pixel