Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол өз өтінішімен кетті": Ұлттық университет Санжар Тәшкенбайдың оқудан шығуына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әлеуметтік желіде бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайды Еуразия Ұлттық университеті оқудан шығарып жібергені туралы ақпарат тарады. Осыған қатысты аталған білім ордасының ресми Instagram парақшасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетелік, журналист Ғалым Қожабек желідегі ресми парақшасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайды оқудан шығарып жібергені туралы жазған болатын.

"Мен бір сөзімде қайда оқисың деп қалдым. Ол болса "Ешқайда оқымаймын, 2021 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа оқуға түскен едім оқытушы-жаттықтырушы мамандығына. Бірақ оқуым ұзаққа бармады, бірінші курстың ортасынан бастап стипендиямды алып тастады, одан кейін сабаққа белсенді қатыспағаным және жазғы практикаға қатыспағаным үшін оқудан шығып қалдым. Ақылы оқуға ауысайын десем қаражат жетіспейді, үйде менен басқа бес бала бар, әкем қарапайым таксист, анам үй шаруашылығынан босамайды. Бұл кездері мен жастар арасындағы Азия және әлем чемпионатына қызу дайындық жүргізіп жүргенмін. Тынымсыз жаттығуларымның арқасында екі жарыста да чемпион болдым. Ал 2022 жылы ересектер арасындағы чемпионатта чемпион атандым. Бірақ оқуымнан шығып қалдым, соған өкінемін, аға", - деп көңілінде жүрген бір кірбіңін білдірді", - деп жазды журналист.

Кейін бұған қатысты Еуразия Ұлттық университеті пікір білдіріп, боксшының оқудан өз еркімен шыққанын хабарлады.

Әлеуметтік желіде Санжар Ташкенбайдың оқудан шығарылғандығы туралы ақпарат таратылуда.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Санжар өзінің жеке өтінішімен оқудан шықты.

Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды!

Біз барлық қазақстандықтар секілді Санжардың жеңісімен мақтанамыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз!

Санжардың өзі ниет білдірсе, университет белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020842-ol-oz-otinisimen-ketti-ulttyq-universitet-sanzar-taskenbaidyn-oqudan-syguyna-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel