Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: "Ливерпуль" сапынан төрт футболшы кететін болды

Опубликовано:

Ливерпуль
"Ливерпуль" футбол клубының ойыншылары жасыл алаңда. Фото: Joe Prior/Visionhaus via Getty Images

Маусым аяқталған соң "Ливерпуль" сапынан төрт футболшы кететін болды. Бұл ақпаратты клубтың ресми сайты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Клуб сапынан кететін ойыншылардың қатарында Роберто Фирмино, Джеймс Милнер, Наби Кейта және Алекс Окслейд-Чемберлен бар.

Аталған футболшылар Юрген Клоппқа пен командаға Чемпиондар лигасын, УЕФА суперкубогын, клубтар арасындағы әлем чемпионатын және Англия біріншілігін жеңуге көмектесті.

Футболшылармен ресми түрде қоштасу рәсімі 20 мамыр күні "Астон Виллаға" қарсы матч кезінде болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2021025-resmi-liverpul-sapynan-tort-futbolsy-ketetin-boldy/

pixel