Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ньюкасл" - "Лестер": Айдын Қожахметтің кездесуге қатысты болжамы

Опубликовано:

Ньюкасл - Лестер
Фото: Parimatch

Маусым мәресіне аз уақыт қалды, сондықтан әр команда үшін алдағы екі матч шешуші болып табылады. Бірақ олардың әрқайсысы түбегейлі әр түрлі тапсырмаларды шешуде. "Сауысқандар" қола медальды қанжығасына байлауды ойлап отыр, егер жеңіске жетсе, олар өздеріне Чемпиондар Лигасына өтуді қамтамасыз етеді. Ал, "түлкілер" Чемпионшипке еніп тұр десе де болады, сондықтан олар ұпайларын жоғалтуға құқығы жоқ.

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы текетіреске қатысты болжамы.

"Ньюкасл"

Англия чемпионаты қандай нәтижемен аяқталса да, Тайн өзені жағалауының клубы үшін бұл маусымды соңғы 20 жылдағы ең сәттісі деп атауға болады. Эдди Хоу тамаша жұмыс көрсетті және "Ньюкасл" көптеген жылдан бері алғаш рет қола медальға үміткер болып отыр. Алайда, табысқа жету үшін қалған екі матчта жеңіске жетуі тиіс. Бірақ аталған мақсатқа жету барған сайын қиынға соғып отыр, өйткені күші таусылып, жарақат алған футболшылардың саны артып келеді. Бұл жолы жаттықтырушыға Крафт, Ласкеллес, Ричи, Уилок, Фрейзер, Джоэлинтон, Лонгстафф, Мерфи сияқты ойыншылар қолжетімді емес. Ұзақ жылға созылған тыныштықты бұзған "Ньюкасл" сияқты команданың алаңда болмайтын аталған ойыншылар саны, тіпті суперклуб үшін де көп.

"Лестер"

Жақында бүкіл әлем "Лестермен" болып жатқан ғажайыптарды бақылап отырған еді. Бірақ АПЛ-дағы көшбасшылықтан Чемпионшиптан шығып кету арасындағы жол өте қысқа болу мүмкін. Бар болғаны 7 жыл.

Алайда, біз "түлкілерден" уақытынан бұрын үмітімізді үзбейміз. Бәрі де әлі олардың қолында. Соңғы рет "Лестер" ақпан айының басында "Астон Вилладан" 3 ұпай тартып алып, жеңіске жетті. Бірақ кез келген серия қаншалықты ұзаққа созылғанымен, бір күні аяқталатыны белгілі емес пе?

Жеке кездесулер тарихы

Осы командалардың соңғы бес кездесуінінің төртеуінде "Ньюкасл" жеңісті қанжығасына байлаған болатын. Бұл "Лестер" үшін жігерлендіретін статистика емес. Осы уақыт ішінде "түлкілер" "сауысқандарды" басып озғаны бір рет - 2021 жылдың желтоқсанында болған. Бірақ қандай жеңіс десеңізші! Жеңіс 4-0 есебімен келген еді.

Матчқа болжам

"Лестер" жеңіс үшін тырысып бағып, қолынан келгенін жасайтыны анық, ал "Ньюкаслға" бірқатар ойыншының болмауына байланысты қиын болады. Бірақ менің ойымша, алаң иелері бүгін барлық мәселені өз үйінде шешуі керек, ал "Лестер" соңғы турда, "Вест Хэммен" өз алаңындағы шайқаста өзін құтқаруға тырысатын болады.

Сондықтан мен тәуекелге бел буып, "Ньюкасл" -1,5 форасымен жеңіске жетеді деп болжаймын. Менің Parimatch-тағы серіктестерім бұл оқиғаға жомарт 1.97 коэффициентін беріп отыр.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Ньюкасл" - 1.37, тең ойын - 5.60, "Лестер" - 7.60

Екі клубтың да серіктесі Parimatch шабыттандыратын бейнемен бөлісті. Тамашалыңыз және қуат алыңыз, ойын сіздің қолыңызда!

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2021609-nyukasl-lester-aidyn-qozaxmettin-kezdesuge-qatysty-bolzamy/

pixel