Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейірім Нұрсұлтановтың келесі жекпе-жегіне қатысты ақпарат шықты

Опубликовано:

Мейірім Нұрсұлтанов
Мейірім Нұрсұлтановтың жапониялық қарсыласын нокаутқа түсірген сәті. Видеодан кадр: sports.kz

Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың келесі кездесуіне қатысты ақпарат шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Adal Promotions промоутерлік компаниясына сілтеме жасап.

"Мейірім Нұрсұлтанов демалыстан кейін жаттығуға кірісті.

Боксшымыздың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні жуырда белгілі болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен титулдық жекпе-жектен кейін Мейірім Нұрсұлтанов үндеу жасаған еді.

Бокс кешінде отандық былғары қолғап шебері Жапония өкілі Кадзуто Такесатомен жұдырықтасты. Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек сегізінші раундта аяқталды. Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBO International белбеуін сәтті қорғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022004-meiirim-nursultanovtyn-kelesi-zekpe-zegine-qatysty-aqparat-syqty/

pixel