Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ролан Гаррос турнирінің жеребесі тартылды: отандық теннисшілердің қарсыласы кім

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Парижде 2023 жылғы Ролан Гаррос турнирінің (Франция ашық чемпионаты) жеребесі тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Еліміздің бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі немесе арнайы шақырту алған теннисшімен ойнайды.

Әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған бельгиялық Марина Заневскаямен шеберлік байқасады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бубликтің де Рыбакина сияқты, қарсыласы кейін анықталады.

Негізгі турнирге шығуға әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатовтың мүмкіндігі бар. Ол бүгін іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 165-сатыдағы бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвеспен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022148-rolan-garros-turnirinin-zerebesi-tartyldy-otandyq-tennissilerdin-qarsylasy-kim/

pixel