Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әдемі жұп": қазақстандық футболшылардың суреті желіде қызу талқылануда

Опубликовано:

Юлия Мясникова мен Бахтиер Зайнутдинов фотосессия барысында
Юлия Мясникова мен Бахтиер Зайнутдинов. Фото: instagram/myasnikova_yuliya15

Футболдан Қазақстан командасының ойыншылары ерекше фотосессия жасады. Юлия Мясникова мен Бахтиер Зайнутдиновтің бірге түскен суретін жанкүйерлер жылы қабылдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Юлия Мясникова желіде Зайнутдиновпен түскен фотосын жариялады. Екі ойыншы да ұлттық құрамадан бөлек, мәскеулік "ЦСКА" командасында сынға түседі.

Ал бұл фотосессияда футболшылар ұлттық құраманың жаңа жейдесін таныстырған.

Юлия мен Бахтиердің суретін көрген жанкүйерлер оларды әдемі жұпқа теңеді.

Көпшілігі футболшы қыздың сұлулығына тәнті болып, екі футболшының жарасымды екенін алға тартқан.

"Әдемі жұп", "Баха мәз", "Жақсы жұп", деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2022534-ademi-zup-qazaqstandyq-futbolsylardyn-sureti-zelide-qyzu-talqylanuda/

pixel