Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Даниярдың алтын уақыты өтіп жатыр": белгілі менеджер соттасқалы жатқан Елеусінов жайлы ойын бөлісті

Опубликовано:

Данияр Елеусінов қазақтың көк туымен
Данияр Елеусінов. Фото: Prosports.kz

Белгілі бокс менеджері әрі матчмейкер Жалғас Тукешов Данияр Елеусіновке қатысты пікірін жеткізді. Бұл туралы Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетелік, Елеусінов кәсіби боксқа ауысқан соң, өз менеджерлерімен келіспей қалған. Бүгінде ол екі жылға жуық уақыт бойы ешбір жекпе-жек өткізген жоқ.

"Қазақтың батыр ұлы Данияр Елеусінов менеджерлерімен соттасқалы жатыр. Олардың қарым-қатынасы жайлы ештеңе айта алмаймын. Себебі бұл - боксшы мен менеджер арасындағы жағдай. Ал Данияр менің бауырым, жақсы араласамыз. Әуесқой бокста оған бағынбаған биік жоқ. Кәсіби бокстағы әлеуеті де жаман емес. Мықты тұжырымдар бойынша алғашқы ондыққа еніп жүрді. Оның сотта жеңіп шығуына тілектеспін. Ең өкініштісі – Даниярдай мықты боксшының алтын уақыты осындай сотпен өтіп жатыр. Елеусінов қазақ боксының басты үміттерінің бірі еді",- деді Тукешов.

Данияр Елеусінов 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы, Азия біріншілігің мен Азия ойындарының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022647-daniyardyn-altyn-uaqyty-otip-zatyr-belgili-menedzer-sottasqaly-zatqan-eleusinov-zaily-oiyn-bolisti/

pixel