Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отыз жыл күткен алтын: Ризабек Айтмұхан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: uww.org

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ризабек финалда әзербайжандық Осман Нурмогамедовпен белдескен болатын.

Кездесу соңына дейін ұтылып жатқан Ризабек санаулы секундтарда қарсыласына әдіс жасап, жеңіске жетті.

Осылайша, еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды!

Айта кетелік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шеберлері әлем чемпионатынан алтын медаль алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037110-otyz-zyl-kutken-altyn-rizabek-aitmuxan-qazaqstan-syqqan-tungys-alem-cempiony-atandy/

pixel