IBF бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, КО) WBA суперчемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) желтоқсандағы бірлескен жекпе-жектен бас тартпайды. Бірақ қазақстандық боксшы алдымен өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ деп хабарлайды 24.kz.
Uol.com бразилиялық сайтының дерегіне сай, боксшы 2012 жылғы Олимпиада жүлдегері кәсіби алаңда жеңіліп көрмеген IBF рейтингісінде 5-нөмір саналатын бразилиялық Эскива Фалькаомен (28-0, 20 КО) айқаспақ.
Ресурстың мәліметінше, жекпе-жек тамыз айына жоспарланып отыр, дегенмен нақты күні белгісіз. Фалькао промоутер Боб Аруммен (Top Rank), Головкин Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) жұмыс істейді.
Бразилиялық ESPN телеарнасында, ал қазақстандық боксшы DAZN стримингінде өнер көрсетеді. Бұдан бұрын екі промоутер бірге жұмыс істеген, боксшылар ауыстырған.
Арумның Фалькаоны жіберуі мүмкін, себебі боксшы компанияның мықты ойыншысы саналмайды, ол жеңген жағдайда (сонымен қатар жай ғана жақсы өнер көрсеткен жағдайда) оның нарықтағы бағасы бірталай өседі.
Әуесқой алаңда Фалькао Муратамен екі рет айқасқан, екі жекпе-жекте де, соның ішінде 2012 жылғы Олимпиада ойындарының финалында да жеңіліс тапқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1911607-gennadii-golovkin-oz-erkimen-cempiondyq-atagyn-qorgamaq/