Әлемдік аренада еліміздің атағын шығарып жүрген Геннадий Головкин Қазақстанға келді деп хабарлайды Prosports.kz.
Басылым мәліметінше, орта салмақтағы бірнеше титулдың иегері Алматыда өткен қайырымдылық іс-шарасына қатысқан. Генадий Головкиннің қолы қойылған қолғабы сатылымға шығарылды.
Айта кетейік, іс-шараға боксшының бауыры Максим мен UFC-дің файтері Зубайра Тухугов та қатысты.
Еске салсақ, бұған дейін IBF бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, КО) WBA суперчемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) желтоқсандағы бірлескен жекпе-жектен бас тартпайтынын жазған едік. Бірақ қазақстандық боксшы алдымен өз еркімен чемпиондық атағын қорғамақ.
Uol.com бразилиялық сайтының дерегіне сай, боксшы 2012 жылғы Олимпиада жүлдегері кәсіби алаңда жеңіліп көрмеген IBF рейтингісінде 5-нөмір саналатын бразилиялық Эскива Фалькаомен (28-0, 20 КО) айқаспақ.
Жекпе-жек тамыз айына жоспарланып отыр, дегенмен нақты күні белгісіз. Фалькао промоутер Боб Аруммен (Top Rank), Головкин Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) жұмыс істейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1913622-genadii-golovkin-qazaqstanga-keldi/