Бокстан Қазақстан командасы Токиодағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов бірінші айналымнан аса алған жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ.
69 келіге дейінгі салмақта сынға түкен Абылайхан Жүсіпов бірінші кездесуінде америкалық боксшы Джонсон Делантеге қарсы шыққан.
Тартысты кездесуде төрешілер 1:4 есебімен жеңісті АҚШ құрамасының өкіліне берді.
Өкінішке қарай, Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын Қазақстан командасының бір мүшесі жүлде ауылынан алыста қалды.
Ал Қазақстан командасы бірнеше жыл қатарынан алтын алған 69 келі салмақта бұл жолы жүлдесіз қалып отыр.
Сиднейде Ермахан Ыбырайымов 71 келіде чемпион атанды. Кейін бұл салмақ 69 келіге ауыстырылып, Афины Олимпиадасында Бақтияр Артаев, Бейжің Олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаев, Лондон Олимпиадасында Серік Сәпиев, Рио ойындарында Данияр Елеусінов дәл осы салмақта топ жарған болатын.
Көпшілік жанкүйер қазақтың салмағы атап кеткен 69 келіде Токио ойындарының чемпионы басқа елдің спортшысы атанады.
Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы. Қарағанды бокс мектебінің түлегі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1924193-qazaqtyn-salmagynda-altyn-zoq-abylaixan-zusipov-tokiodagy-birinsi-zeke-zekte-zenilip-qaldy/