Бокстан әлем чемпионатының финалында жапондық боксшыдан ұтылған Махмұд Сабырхан журналистерге берген сұхбат кезінде көз жасына ерік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
20 жастағы шымкенттік боксшы ақтық сында жапондық Тамоя Цубойдан 0:5 есебімен ұтылған болатын.
Жекпе-жектен кейінгі сұхбатта Махмұд көз жасына ерік беріп, әлем чемпионатына тек жеңіс үшін келгенін айтқан.
Сондай-ақ, ол бұл жеңілісі үшін жанкүйерлерден кешірім сұрап, алдағы әлемдік додаларда алтын алуға уәде береді.
Айта кетелік, бұл Махмұд қатысып отырған алғашқы әлем чемпионаты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940857-quyp-zurip-urgan-edim-finalda-zenilis-tapqan-maxmud-sabyrxan-koz-zasyna-erik-berdi-video/