Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатынан оралды. Отандық спортшыларды жанкүйерлер елорда әуежайында ыстық ықыласпен күтіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Сербия астанасы Белградта өткен додадан екі алтын, екі күміс пен бір қола жүлде еншіледі.
Осылайша, медаль саны бойынша Кубадан кейінгі екінші орынға табан тіреді.
Белградтағы біріншілікте алтын жүлдені Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов алса, Серік Теміржанов пен Махмұд Сабырхан күміс медаль иегері атанды.
Ал құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов қола медальді қанағат тұтты. Осылайша, ол әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941019-bokstan-qazaqstan-ulttyq-quramasy-alem-cempionatynan-oraldy/