ІBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жапониялық боксшы Риота Муратамен жекпе-жек өткізетінін ресми түрде мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Кездесудің постері қазақстандық спортшының Instаgram парақшасында пайда болды.
"Жапонияда үлкен драма болады. 29 желтоқсанда кездесеміз", - деп жазды Головкин.
Сондай-ақ, GGG жазба астында жапон тілінде сөз қалдырған.
Кездесуде үш чемпиондық белбеу сарапқа салынатын болады. Қазір Головкинде IBO және IBF, ал Муратада WBA Super титулы бар.
Sports.kz жазуынша, жекпе-жек 29 желтоқсанда Сайтамада өтуі тиіс. Кездесу DAZN сервисінде трансляцияланады.
"Мен Жапонияға, бокс асқан танымалдыққа ие елге Big Drama Show әкелгеніме қуаныштымын. Риота Мурата мықты чемпион. Біз титулдарымызды біріктіру үшін рингте кездесеміз, бұл ерекше кеш болмақ. Біз жанкүйерлерімізге ұлы кездесу сыйламақпыз", - деді Головкин.
Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин рингке оралу үшін дайындық бастағанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941827-golovkin-zuyrda-us-birdei-cempiondyq-titul-usin-zudyryqtasatynyn-xabarlady/