WBA нұсқасы бойнша орта салмақтағы әлем чемпионы Риото Мурата желтоқсан айында отандасымыз Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Boxingscene.com.
Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы кездесу 29 желтоқсанда Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.
Мурата бұл кездесудің Жапонияда өтетінін мақтан тұтанын айтады.
"Менің бүкіл әуесқой және кәсіби мансабым Головкинмен жекпе-жекке дайындық болған сияқты. Бұл кездесу бокс тарихындағы және орта салмақтағы менің орнымды айқындап береді. Геннадий ұзақ уақыт бойы осы салмақтың көшбасшысы болды. Мен үшін ол әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген боксшы. Мен оған құрметпен қараймын.
Пандемия салдарынан екі жылдай уақыт жұдырықтаспадым. Бірақ мен уақытымды тиімді пайдаланып, физикалық формам мен соққымды жақсарту үшін көп тер төктім. Мұндай кездесудің Жапонияда болатынын мақтан тұтамын. Бұл мен үшін үлкен құрмет", - дейді Риота Мурата.
Айта кетсек, қос боксшы арасында өтетін кәсіби бокс кешінде үш чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Қазір Головкинде IBO және IBF, ал Муратада WBA Super титулы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941928-bul-men-usin-ulken-qurmet-riota-murata-golovkinmen-bolatyn-aldagy-zekpe-zegine-qatysty-pikir-bildirdi/