Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иранда наразылық шеруіне қатысқан боксшы өлім жазасына кесілді

Жарияланған күні:

Мохаммад Джавад Вафеи-Сани
Мохаммад Джавад Вафеи-Сани. Фото: twitter.com/Rsheermohammadi

Елдегі наразылық шеруіне қатысқаны ирандық боксшы Мохаммад Джавад Вафаеи-Сани өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, бұл туралы Ирандағы адам құқықтары жөніндегі норвегиялық үкіметтік емес ұйым хабарлаған.

Бокстан Мешхед қаласының чемпионы 2020 жылдың ақпан айында ұсталған. Ол 2019 жылдың қарашасында Ирандағы наразылық шерулері кезінде үкіметтік ғимараттарды, соның ішінде үкіметтік түрмені өртеу және қирату ісі бойынша кінәлі деп танылған.

Вафаеи-Санидің қорғаушысы Бабак Пакния Twitter парақшасында сот үкіміне қарсы шағым түсіретінін мәлімдеген.

Айта кетсек, 2020 жылдың қыркүйек айында балуан Навид Афкари өлім жазасына кесілген еді. Иран соты Афкари адам өлтіру ісі бойынша кінәсын мойындағанын хабарлады.

Алайда Батыс бұған балуанның екі жылдан астам уақыт бұрын өткен шерулер мен тәртіпсіздіктерге қатысуы себеп болған деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1951819-iranda-seruge-qatysqan-bokssy-olim-zazasyna-kesildi/