Мексикалық Сауль Альварес "Канело" мен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бокс кеші Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті.
Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты.
Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Дмитрий Бивол мексикалық қарсыласынан басым түсті.
Айта кетейік, супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес ресейлік былғары қолғап шеберіне тиесілі жартылай ауыр салмақтағы WBA Super титулына қол жеткізе алмады.
Бұл мексикалықтың кәсіпқой бокстағы екінші жеңілісі. Оның есебінде 57 жеңіс бар.
Ал Дмитрий Бивол мансабында жиырма кездесуге шығып, барлығында қарсыластарынан басым түскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1968515-ataqty-saul-kanelo-alvares-reseilik-bokssydan-zenilip-qaldy/