WBA және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жектің алдында болған көз арбасу сәті қалай өткенін айтты, деп хабарлайды EsNews.
"Көз түйістіру кезінде не туралы ойладыңыз дейсіз бе? Ештеңе ойлағаным жоқ. Бұл жекпе-жек басқасынан ерекше болады деп те айта алмаймын. Әлі сезіліп жатқан жоқ. Бұны жай ғана кездесу деп те айту дұрыс емес. Мен бұл кездесуге өзімнің кез келген басқа жекпе-жегім секілді жауапкершілікпен қараймын. Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.
"Канелоның" Pound-for-pound рейтингінде орны қандай? Ол жайында мүлде ойламаймын. Оған көп көңіл бөлінеді. Мен оның соңғы жекпе-жекте жеңілгенін білемін. Оның менен гөрі жеңілген сәттері көп. Тағы не туралы айту керек?", - дейді Геннадий Головкин.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек биыл 17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.
Кездесуде "Канелоға" тиесілі WBC, WBA, IBF және WBO белбеулері сарапқа салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1975916-gennadii-golovkin-menen-gori-kanelonyn-zenilgen-satteri-kop/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.