Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Сауль Альварестен жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жекпе-жек Лас-Вегас (АҚШ) қаласындағы T-Mobile кешенінде өтті.
Он екі раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жалғасып, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен Сауль Канело Альварес жеңімпаз атанды.
Бұл былғары қолғап шеберлерінің арасындағы үшінші айқас.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы өтті. Аталған сын тең аяқталса, 2018 жылы өткен жекпе-жекте төрешілер ұпай санымен жеңісті Альвареске берді.
Еске сала кетейік, бүгін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес андеркадында тағы бір отандасымыз өнер көрсетті. Он раундқа жалғасқан айқаста Әли Ахмедов америкалық қарсыласы Габриэль Росадодан басым түсті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1988354-gennadii-golovkin-saul-alvaresten-zenilip-qaldy/