Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстанның ерлер құрамасы 3 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл көрсеткішпен Қазақстанның ерлер құрамасы байрақты бәсекені командалық есепте екінші орынмен аяқтап отыр.
Көш басында - Өзбекстан құрамасы. Көрші елдің былғары қолғап шеберлері Азия біріншілігінде бес алтын, екі күміс және үш қола жеңіп алды.
Үздік үштікті Иордания құрамасы қорытындылады. Жергілікті боксшылар екі алтын, екі күміс және бір қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Аммандағы Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай (48 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) чемпион атанды.
Күміс жүлдегерлер: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).
Қола жүлдегерлер: Саматәлі Төлтаев (60 келі), Нұрбек Оралбай (82 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996903-bokstan-aziya-cempionaty-qazaqstannyn-erler-quramasy-komandalyq-esepte-nesinsi-oryn-aldy/