Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан "Странджа Кубогында" Қазақстан құрамасының бір өкілі жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Байрақты бәсекеде 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Бекзат Алдамжаров 1/8 финалда Франция өкілі Биллаль Беннамамен жұдырықтасты.
Тартысты өткен кездесуде Франциялық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, "Странджа Кубогында" Қазақстан құрамасының бір өкілі жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетейік, Бекзат Алдамжаровтың қарсыласы - Әлем чемпионатының қола жүлдесі мен Еуропа біріншілігінің "алтынын" жеңіп алған боксшы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010314-qazaqstandyq-bokssy-strandza-turnirinde-europa-cempionyna-ese-ziberdi/