Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан "Странджа Кубогында" Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Байрақты бәсекеде 86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Бекзат Таңатар 1/4 финалда Өзбекстан өкілі Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасты.
Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен өзбекстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті.
Осылайша, Бекзат Таңатар Темірхан Тезек, Абзал Құттыбеков, Кенже Мұратұлы, Ертуған Зейнуллинов, Бекзат Алдамжаров және Ерасыл Таңқайдың қатарына қосылып, жарыстан жүлдесіз қалды.
Айта кетейік, "Странджа Кубогы" 27 ақпан күні аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010649-ozbek-bokssysynan-zenilgen-qazaqstandyq-kisi-alem-cempionatynda-zuldesiz-qaldy/