Маңғыстаулық спортшы Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан байрақты бәсекеде маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек 62 келі салмақта ел намысын қорғап, жеңімпаз атанды.
Ол Въетнам, Таиланд, Ирак өкілдерінен айласын асырды.
Айта кетейік, джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасындағы VII Азия чемпионатына құрлықтың 30 елінен 500-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Турнир 28 ақпанға дейін жалғасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2011069-otandyq-sportsy-abu-bakir-zanibek-aziya-cempiony-atandy/