Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Дәулет Дәукеновтің (11-2, 5 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты ақпарат шықты, деп хабарлайды Sports.kz.
BoxRec.com сайты ұсынған ақпаратқа сәйкес, отандық былғары қолғап шебері 21 сәуір күні шаршы алаңға оралмақ. Оның жекпе-жегі Чехияның Оломоуц қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Алайда Дәулет Дәукеновтің қарсыласы белгісіз.
Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы жаттығу жұмыстарын бастап кеткен.
Еске сала кетейік, Дәулет Дәукеновтің соңғы жекпе-жегі Чехияның Пльзень қаласында болды. Осы жылдың 18 ақпанында отандық боксшы Никарагуа өкілі Серхио Гонсалеспен жұдырықтасып, қарсыласын үшінші раундтта нокаутқа түсірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2014658-songy-zekpe-zeginde-qarsylasyn-nokautqa-tusirgen-otandyq-bokssy-ringke-qasan-sygady/