Ресейлік боксшы Дмитрий Двали Ташкентте өтетін әлем чемпионатындағы басты қарсыластарды атап өтті, деп хабарлайды Meta-ratings сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Әлем чемпионатында осал қарсыластар болмайды. Өзбек, қазақ және кубалық боксшыларды басты қарсылас санаймын. Бірақ біз күтпеген жағдайлар да болуы мүмкін, сондықтан кез келген стиль мен жекпе-жек мәнеріне дайынмын", - деді ресейлік боксшы.
Еске сала кетейік, бокстан әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте өтеді. Боксшылар 13 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтайды.
Кеше Ташкенттегі әлемдік додада бақ сынайтын Қазақстан құрамасы анықталды. Мырзағали Айтжанов ел намысын қорғайтын боксшылардың толық тізімін жария етті.
Олардың қатарында Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Сабырхан Махмұдтар бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2018200-reseilik-bokssy-alem-cempionatynda-qazaq-sportsylarynan-qauiptenetinin-zasyrmai-aitty/