Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан бокс федерациясы Бибосыновтың жеңілісіне қатысты шағым түсірді

Жарияланған күні:

Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов үндістандық қарсыласынан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Осыған байланысты Қазақстанның бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясына шағым түсірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстан бокс федерациясы (IBA) Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлёвтің атына отандасымыз Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің даулы шешіміне қатысты ресми шағым жолдады.

Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз.

P.S. Өкінішке қарай, қазіргі ережеге сай аппеляция беруге рұқсат етілмейді. Тек жекпе-жекте төрешілер бағасы 3:2 немесе 2:3 болса ғана шешім қайта қаралады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатын Сәкен Бибосынов екінші айналымда бастап, Үндістан өкілі, Азия біріншілігінің жүлдегері Дипак Кумардан ұтылып қалды.

Алайда спорт сарапшылары мен жанкүйерлер қазақстандық боксшының жеңілмегенін желіде жарыса жазуда. Олардың пікірінше, Сәкен Бибосынов бірінші және екінші раундта қарсыласынан басым түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019737-qazaqstan-boks-federaciyasy-bibosynovtyn-zenilisine-qatysty-sagym-tusirdi/