Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дулат Бекбауов өзбек боксшысынан жеңіліп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды

Жарияланған күні:

бокс
Дулат Бекбауов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дулат Бекбауов финалда Өзбекстан өкілі Асадхуджа Муйдинхуджаевпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте отандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Дулат Бекбауов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ертең финалдық кездесуін өткізу үшін үш қазақстандық былғары қолғап шебері шаршы алаңға көтеріледі. Олар: Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020412-dulat-bekbauov-ozbek-bokssysynan-zenilip-alem-cempionatynyn-kumis-zuldesin-zenip-aldy/