Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орнымызды басатын жігіттер келсе": 29 жастағы Асланбек Шымбергенов мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Жарияланған күні:

боксшы
Асланбек Шымбергенов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан әлем чемпионы 29 жастағы Асланбек Шымбергенов Qazaq Ring жобасында қонақ болып, көпшілікті мазалаған сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бағдарлама барысында Қазақстан құрамасының капитанынан мансабын қашан аяқтайтыны туралы сұрақ қойылды.

"Майк Тайсон бапкерінен "Қашан мен боксты қоямын?" деп сұрапты. Сол кезде жаттықтырушысы "Жаңадан шығып келе жатқандар көрсетеді" деп жауап берген. Сол айтқандай, орнымызды басатын жігіттер келіп тұрса, "мархабат", - деп ағынан жарылды Асланбек Шымбергенов.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай чемпион атанса, Дулат Бекбауов финалда өзбек боксшысынан жеңіліп, екінші орынды қанағат тұтты.

Қазақстан құрамасының капитаны 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022664-ornymyzdy-basatyn-zigitter-kelse-29-zastagy-aslanbek-symbergenov-mansabyn-qasan-ayaqtaitynyn-aitty/