23 жастағы отандық боксшы Дильшат Нұрымның келесі жекпе-жегіне қатысты ақпарат шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Нұрым 16 маусым күні Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы жергілікті Мужибилло Тұрсынов болмақ.
Жекпе жек барысында WBC Asian титулы сарапқа салынады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Дильшат Нұрым мен Мужибилло Тұрсынов соңғы кездесулерін өткен жылы екінші желтоқсанда Ташкентте өткізді. Отандық боксшы Өзбекстан өкілі Фаррух Арслоновты төрешілердің шешімімен ұтса, Тұрсынов жерлесі Шохрухбек Кенжаевтан айласын асырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2023485-zenilip-kormegen-qazaq-balasy-men-ozbek-bokssysy-tituldyq-zekpe-zek-otkizedi/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.