Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Өзбекстан атынан жеңімпаз атанған Руслан Абдуллаев жайлы кеңірек мәлімет берді. Бұл туралы Қызық Times бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Руслан кезінде Шымкентке келген. Екеуіміз Азия чемпионатында бокстасқанбыз. Ол Қазақстанка келгенде екеуміз бір пәтерде тұрдық. Менің жеке бапкерім Ілияс Оралбеков ағайымызға келдік. Бірге дайындалып, Қазақстан чемпионатына қатысты. Бірақ ауырып қалды да, Сабыржан Аққалықовтан жеңіліп қалды.
Біраз уақыт бізбен жаттығу жиындарына қатысып, өзінің тұрып жатқан жеріне қайта оралды. Сол жаққа барып, екі айдан соң Өзбекстан чемпионы атанды. Амманда Азия чемпионы атанды. Енді, міне, әлем чемпионы атанып отыр. Қазақ бауырымыз үшін қуаныштымыз", - деді Махмұд Сабырхан.
Айта кетелік, Махмұд Сабырхан 54 келіде топ жарса, Руслан Абдуллаев 63,5 келіде әлем чемпионы атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2024520-ekeumiz-bir-paterde-turdyq-maxmud-sabyrxan-ozbekstanga-altyn-syilagan-ruslan-abdullaev-turaly-aitty/
Пікірлер жүктелуде