Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов спорт пен отбасылық өмірді қатар алып жүр. Ол өзінің спортшылық мансабын әйелі қалай қабылдағанын айтты, деп жазады Қызық Times бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Бәрі жақсы. Жаңадан үйленген кезде жаттығуға кететін болсам, келіншегім жылап қалатын. Бірақ кейін балалы болып, ойы бөлінді. Баламен алданды. Бірақ сонда да сағынады ғой... "Қашан келесің? Қашан келесің?", - дейді. Спортшыға тұрмысқа шыққанын білді ғой. "Шамалы шыда, енді", - деп айттым. Құдай қаласа, боксты қойған соң, үйде боламын. Бірақ боксты қашан қоятыным белгісіз болып тұр", - деді Шымбергенов.
Асланбек үш баланың әкесі. Ал келіншегі орыс тілі пәнінен сабақ береді.
Спортшы әлем чемпионы атанған күні оның үлкен қызы алты жасқа толған болатын.
Асланбек Шымбергенов бокстан әлем біріншілігінде 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2024886-zattyguga-ketkende-aielim-zylap-qalatyn-bokstan-alem-cempiony-otbasylyq-omiri-zaily-aitty/
Пікірлер жүктелуде