Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қоңқабаев аса ауыр салмақта сынға түсті.
Ол жартылай финалда үндістандық боксшыны 5:0 есебімен жеңді.
Осылайша, ол Қазақстан ерлер құрамасы сапынан Азия ойындарының финалына шыққан және Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген жалғыз қазақ боксшысы атанып отыр.
Айта кетейік, Азия ойындарының финалына шыққан боксшылар Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2039391-qamsybek-qonqabaev-finalga-sygyp-olimpiadaga-licenziya-aldy/