Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-0-1, 7 КО) жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Розенберг қаласында (АҚШ) өткен жекте-жекте боксшылар WBO және IBF белбеулерін сарапқа салды.
Он екі раундқа жоспарланған кездесу алтыншы раундта аяқталды. Жекпе-жек бойы басымдық көрсеткен отандасымыз алтыншы раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта екі чемпиондық белбеуге қол жеткізді.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде канадалық боксшы Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутқа түсірсе, Винченцо Гуальтьери бразилиялық Эскива Фалькаоны (30-1, 20 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2041036-zanibek-alimxanuly-alem-cempionyn-nokautqa-tusirdi/