Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кез келген боксшымен жұдырықтасамын": Баходир Жалолов жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Баходир Жалолов
Баходир Жалолов. Фото: olympic.uz

Өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов кезекті жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

17 ақпанда Сауд Арабияның Эр-Рияд қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Тайсон Фьюри мен Александр Усик ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағына таласады. Осы кеште өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов та рингке шығады. Ол Черногория өкілі Дилан Прашовичпен жұдырықтасады. Баходир бұл бокс кешіне шақырту қалай алғанын айтты.

"Тайсон Фьюри мен Александр Усик арасындағы жекпе-жек өтетін бокс кешінде рингке шыға алатынымды хабарлады және мен ойланбастан келістім. Тіпті қарсыласымды ұйымдастырушылар тауып берді. Мен кез-келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын. Биыл Олимпиада ойындары өтеді. Менің оған дейінгі әрбір жекпе-жегім дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады", — деді Жалолов.

Баходир черногориялық боксшымен жұдырықтасуға Америкада емес, Өзбекстанда дайындалып жатқанын атап өтті.

"Бұған себеп бар. Өзбекстан мен Америка арасындағы уақыт айырмашылығы үлкен. Ал Сауд Арабиясы мен біздің ел арасындағы айырмашылық қатты білінбейді. Сондай-ақ біздің елде менің дайындалуым үшін барлық жағдай мен мүмкіндік бар. Физикалық, техникалық және тактикалық сабақтардан басқа, менің қарсыластарымның дайындығын процесске қосамыз. Олимпиадаға дайындық бірнеше жыл бұрын басталды. Бірақ біз Париж–2024 Олимпиадасына арнайы дайындықты жарыс басталардан 3-4 ай бұрын ұйымдастырамыз", — деді боксшы.

Айта кетейік, Баходир Жалолов кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізіп, ешбірінде жеңілмеген. Ал Дилан Прашович 17 рет шаршы алаңға шыққан және 14 рет жеңіп, 3 рет жеңіліске ұшыраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2057257-kez-kelgen-bokssymen-zudyryqtasamyn-baxodir-zalolov-zekpe-zek-aldynda-malimdeme-zasady/