WBC тұжырымының жеңіл салмақ дәрежесінің чемпионы Шакур Стивенсен кәсіпқой боксшы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шакурдың X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Америкалық боксшы Шакур 26 жаста. Шаршы алаңға соңғы рет 2023 жылдың қараша айында шыққан. WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақ дәрежесінің чемпиондық белбеуі үшін таласта Эдвин де лос Сантосты жеңген еді.
"Мен бокстан ресми түрде кетемін. Десе де жаттығу залында шеберлігімді шыңдай беремін. Өскелең ұрпаққа арманға жету және атақты боксшы болу жолында көмегімді тигізгім келеді", – деді Шакур Стивенсен.
Стивенсен кәсіпқой боксшы мансабында жалпы есепте 21 жекпе-жек өткізіп, жеңіліп көрмеген. Тіпті оның 10 кездесуін нокаутпен жеіген. Ал 2016 жылы жеңіл салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындарының күміс медаль иегері атанған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2058266-kasipqoi-boksta-zenilip-kormegen-alem-cempiony-mansabyn-ayaqtaitynyn-malimdedi/