Қазақстан бокс федерациясының жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін, 5 ақпанда Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтті. Сол жиында федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Осыған дейін бұл қызметті Кеңес Рақышев атқарған еді.
"Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан боксын әрі қарай дамытуға, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың мүддесін қорғауға, ҚБФ ролін ел ішінде және халықаралық деңгейде арттыруға бар күшімді саламын. Биыл өтетін маңызды додалар қарсаңында команданың алдында үлкен бір мақсат тұр. Өз тарапымыздан дайындыққа қажетті барлық жағдайды жасауды жалғастыра береміз. Бірлесе еңбек ету арқылы отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз", – деді Қазақстан бокс федерациясының жаңа басшысы.
Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы Казцик ауылында дүниеге келген. Ол – кәсіпкер, "Integra Construction KZ" ЖШС иегері. Куала-Лумпурдағы (Малайзия) Азия-Тынық мұхиты университетінде (APU) білім алған, экономика ғылымдарының магистрі. Үйленген, 3 баласы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2059138-qazaqstan-boks-federaciyasyna-zana-bassy-sailandy/