Орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес келесі жекпе-жегін мамыр айында өткізетінін хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ProboxTV арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мексикалық боксшы кәсіпқой рингке шығатын уақытын нақты белгіледі, бірақ қарсыласының атын атамады.
"Мен жекпе-жекке 4 мамырда шығамын. Қарсыласқа қатысты құжаттарды дайындап жатырмыз, бірақ осы аптаның соңына дейін есімін жариялай аламыз деп ойлаймын. Ал ең маңызды хабарландыру – TV Azteca-мен тағы бір жыл жұмыс істейміз және сіздермен бірге болғанымды мақтан тұтамын. Барлығын 100 пайыз орындап, жаныңызды боксқа, осы әдемі спортқа беретін жандарсыз", – деді Альварес.
Еске салайық, "Канело" соңғы жекпе-жегін 2023 жылы 6 мамырда өткізген еді. Бұл жекпе-жекте ол британдық Джон Райдерді төрешілердің шешімімен жеңді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2061142-kanelo-kelesi-zekpe-zegi-turaly-malimdeme-zasady/