Өзбекстанда туып-өскен қазақ боксшысы Аман Қонысбеков елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
19 жастағы Аман Қонысбеков Астанаға көшіп келді. Қазір Шымкенттегі спорт базасында оқу-жаттығу жиынынан өтіп жатыр. 71 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін боксшы Түркістан облысының атынан жарыстарға қатыспақ.
"Қашан азаматтық алатыным әлі белгісіз. Негізі әке-шешеммен бірге көшіп келу ойда болған. Бірақ олар да бұйырса жақында келеді. Демеуші ретінде мені Исатай Ізбасаров деген туысқан ағам қолдап жатыр. Жоспарым – алда болатын жарыстарда топ жару", – деді Аман Қонысбеков KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында.
Аман Қонысбеков 2004 жылы 11 шілдеде Өзбекстанда дүниеге келген. Ол 2023 жылы бокстан Өзбекстан чемпионатында қола жүлде иеленді. Аман бұл жарыстың жартылай финалында Асадхужа Муйдинхужаевтан жеңіліп қалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2061857-ake-sesem-de-kosip-keledi-ozbekstanda-tugan-qazaq-bokssysy-elge-oraldy/