Супер ауыр салмақ бойынша WBC тұжырымының чемпионы британиялық боксшы Тайсон Фьюри (34-0-1, 24 КО) бұрынғы чемпион Энтони Джошуа мен UFC супержұлдызы Фрэнсис Нганну арасында өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Stomping Ground YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Меніңше, бұл керемет жекпе-жек болады. Мен Нганнумен жұдырықтасқанымда бәрі оны әлсіз санады. Ал ол менімен жекпе-жек өткізіп, тұтас бокс әлеміне танылды. Менің арқамда көп ақша тауып, мультимиллионер атанды. Ендігі кезекте бар жасағаным жақсылығым үшін ол маған рахмет айтып, алдымда тізерлеп тұра, аяғымды сүю керек", – дейді Фьюри.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 28 қазанында Тайсон Фьюри Фрэнсис Нганнумен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен (95-94 Нганну, 96-93 Фьюри, 95-94 Фьюри) жеңіске жеткен болатын. Ендігі кезекте, Нганну 8 наурыз күні Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізбек.
Материал авторы: Жәнібек Есенбек
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2064302-ngannu-aldymda-tizerlep-turyp-ayagymdy-suyui-kerek-britaniyalyq-bokssy-tosyn-malimdeme-zasady/